Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды

19.01.2017
Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды

Бірінші орта салмақ бойынша WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 17 ақпанда 23-ші кездесуін өткізеді., деп хабарлайды боксшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобы.

Қанат Исламның қарсыласы бразилиялық Робсон Ассис (Robson Assis) осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізген. 3 рет жеңіліп, 16 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 9 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Отандасымыз 17 ақпанда өтетін Рой Джонстың Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу