Бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит спарринг кезінде аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді. Бұл туралы қазақстандық спортшының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Team LEVIT» ресми тобы хабарлайды.
Жекпе-жек Талғардағы базада Қазақстан Ұлттық құрамасының Германия және АҚШ командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны аясында өткен.
«Бүгін Василий Левит Германия боксшысы Макс Келлермен спарринг өткізді. Екінші раундта Василий неміс спортшысын нокдаунға жіберді. Германия боксшысы аса ауыр салмақта екендігін айта кетейік», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.