Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (48-1-1, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя ESPN телеарнасының «First Take» бағдарламасына берген сұхбатында, «Канело» мен Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) арасындағы жекпе-жек 2017 жылы нақты өтетіндігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Канело» 160 фунтқа көтеріледі де, Головкинмен жұдырықтасады. Ол GGG-ден қорықпайды. Бұл жекпе-жектің 2017 жылы өтетіне мен кепілдік беремін, промоутерлік лицензиямды тігуге дайынмын», - деді де ла Хойя.