Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя жанкүйерлердің Головкин-Канело жекпе-жегін ұзақ күтпейтіндіктерін мәлімдеді. Оскардың айтуынша, бұл кездесу 2017 жылдың соңына дейін нақты өтеді.
«Канело» Головкинмен 160 фунт дәрежесінде қолғап түйістіреді және бұл кездесуді 2017 жылдың күзінде ұйымдастыруға байланысты ауызша келісім бар».
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 10 қыркүйек күні Лондон қаласында британдық Келл Брукпен жұдырықтасады. Оны «Қазақстан» және KazSport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Басталу уақыты сағат 00:00-де. Ал Сауль «Канело» Альварес 17 қыркүйекте Лиам Смитпен жекпе-жек өткізеді.