«Барыс» хоккейшілері ақкөлдік балалар үйінде қонақта болып қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» хоккейшілері ақкөлдік балалар үйінде қонақта болып қайтты

28.12.2016
«Барыс» хоккейшілері ақкөлдік балалар үйінде қонақта болып қайтты

Жуырда ғана «Барыс» хоккейшілері Астанадан 100 шақырым қашықтақтағы ақкөлдік балалар үйіне барып қайтты. Роман Старченко, Мадияр Ибрайбеков, Никита Иванов, Владислав Никулин, Әлихан Әсетов, Егор Шалапов, Евгений Рымарев, Роман Рачинский, Нұрсұлтан Белгібаев, Кирилл Панюков, жаттықтырушы Евгений Королёв, вице-президент  Арман Нұрымбетов және Барсик құр қол келген жоқ. Балалардың хоккейді сүйіп ойнайтынын білген елордалық команда ойыншылары хоккей формалары, клюшкалар, шайбалар мен «Барыс» джерсиін сыйға тартты.

Ал, балалар да өз кезегінде хоккейшілер алдында бірнеше көркем өнерлік номерлерін көрсетті. Кейін хоккейшілерге әртүрлі сұрақтар қойып, ұзақ әңгімелесті. Бұл күннің ең қызықтысы «Барыс» ойыншылары мен балалар арасындағы жолдастық кездесу болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 28 желтоқсан күні Астана қаласында жергілікті «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында омбылық «Авангард» ХК-мен кездеседі. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.Трансляцияның басталуы 19:20-да.

hcbarys.kz

Хабарламаларға жазылу