«Астана» – «Селтик» матчына арнайы автобустар ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» – «Селтик» матчына арнайы автобустар ұйымдастырылады

22.08.2017
«Астана» – «Селтик» матчына арнайы автобустар ұйымдастырылады

Бүгін «Астана Арена» стадионында «Астана» – «Селтик»  командалары арасында футбол матчы өткізілуіне байланысты кері қайту мүмкіндігімен арнайы «Shuttle-Bus» автобус маршруттары ұйымдастырылады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автобустардың жүру уақыты – 19:30 – 20:45. Жеткізу орны – «Астана Арена» стадионы.

Сонымен қатар, ойын жанкүйерлеріне арнайы бірнеше жүру орындары ұйымдастырылған.

Атап айтқанда, «Қазақстан» СК,  «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы» және  «Астаналық цирк» тұрақтарынан жеткізілу қамтамасыз етіледі. Арнайы шаттлдарда жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз. Ойын аяқталған соң  «Астана Арена стадионы» тұрағынан қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.

Естеріңізге саламыз, «Астана»-«Селтик» матчын «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы: 21:05-те.

 

Хабарламаларға жазылу