«Реал Мадрид» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Реал Мадрид» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

08.03.2017
«Реал Мадрид» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездескен «Наполи» мен «Реал Мадрид» арасындағы матч 1:3 есебімен аяқталып, мадридтіктер екі кездесудегі жеңістерінің арқасында ширек финалға шықты.

Матч басында белсенділік танытқан неаполитандық футболшылар кездесудегі есепті ашқан болатын. Сол қапталдан ұмтылған Дрис Мертенсті байқаған «Наполи» капитаны Марек Гамшик әріптесін оңтайлы позицияға шығарды. Өз кезегінде Мертенс туындаған мүмкіндікті сәтті пайдаланып, 24-ші минутта кездесудегі есепті ашты - 1:0

52-ші минутта Тони Кроостың бұрыштамадан көтерген добына бірінші болып жеткен  «Реал Мадрид» капитаны Серхио Рамос  допты дәл «Наполи»  қақпасына бағыттап,  ойындағы есепті теңестірді - 1:1.

Тағы да бір бұрыштама кезінде Серхио Рамостан көз жазып қалған неаполитандықтар «Реал Мадрид» капитанына қақпаға соққы жасауға мүкіндік беріп қойды. Доп «Наполи» ойыншысына тигеннен кейін бағытын өзгертіп, 57-ші минутта қақпаға барып кірді - 1:2.

Кездесудегі соңғы нүктені «Реал Мадрид» шабуылшысы Альваро Мората қойды. Ол Роналдудың соққысынан кейін Рейнаның қайтарған добын қайтадан қақпаға бағыттаған еді - 1:3.

«Наполи» - «Реал Мадрид» 1:3

Жалпы есеп - 2:6

«Наполи» - «Реал Мадрид» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

Хабарламаларға жазылу