FIFA Әлем чемпионатына 48 команда қатысатынын ресми түрде мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

FIFA Әлем чемпионатына 48 команда қатысатынын ресми түрде мәлімдеді

11.01.2017
FIFA Әлем чемпионатына 48 команда қатысатынын ресми түрде мәлімдеді

FIFA (Халықаралық футбол қауымдастығы) кеңесі Әлем чемпионатының ақтық кезеңіне қатысатын командалар санын 32-ден 48-ге арттыру туралы шешім қабылдады. 

Жаңа формат 2026 жылдан бастап қолданысқа енеді. Топтық кезеңде 48 құрама 16 топқа бөлініп, үздік шыққан екі құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады. Бұл істің мән-жайы кейінірек белгілі болады.

2026 жылға  Әлем чемпионатының өтетін орны 10 мамыр күні Малайзияның Куала-Лумпур қаласында FIFA конгресінде белгілі болады. Бұл турнирді Үндістан, Қытай, Эквадор, Боливия, Перу және Парагвай елдері өткізуге ниет білдіріп отыр.

fifa.com

Хабарламаларға жазылу