Әлем чемпионаты: FIFA қатысушы командаларға үндеу жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионаты: FIFA қатысушы командаларға үндеу жолдады

07.11.2022

FIFA Қатарда өтетін Әлем чемпионатына қатысушы командаларға үндеу жолдап, тек футболға ден қоюға шақырды. Мәтінде «Бірде-бір халық, мәдениет немесе ұлт өзгеден «артық» емес. Осы ұстаным өзара құрмет пен кемсітушілікке жол бермеудің берік негізі. Бұл – футболдың да негізгі құндылықтарының бірі. Сондықтан, барлығымыз осыны есте ұстайық және назарымыз футболда болсын делінген. Үндеу 32 елдің футбол қауымдастығына жолданған. Ал чемпионаттың өзі жоспарланған уақыттан бір күн бұрын яғни, 20 қарашада басталады. Әлем біріншілігін Ұлттық арна мен «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу