Еуразиялық интеграцияға кәсіпкерлер де атсалысуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық интеграцияға кәсіпкерлер де атсалысуы керек

17.02.2015
Еуразиялық интеграцияға кәсіпкерлер де атсалысуы керек

Осыдан екі ай бұрын қызметін бастаған Еуразиялық экономикалық одақ қазір қатаң сынақтан өтіп жатыр.

Себебі, интеграциялық құрылымның жұмысы әлемдік экономикадағы тұрақсыздықпен тұспа-тұс келуде. Ресей валютасының құнсыздануына байланысты да бірқатар уақытша мәселелер бар.

Мәскеуде өткен жиын барысында ресейлік сарапшылар осылай деді.

Мамандардың пікірінше, одақ жұмысына бірінші кезекте бизнес қауымдастық белсенді түрде атсалысуы керек.

Себебі, Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения кәсіпкерлері алыс-берісті арттырып, ортақ нарықтың мүмкіндігін пайдаланбаса, тек әкімшілік жолмен интеграцияны дамыту мүмкін емес.  

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу