«Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы 10 таңдаулы кездесу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы 10 таңдаулы кездесу

02.12.2016
«Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы 10 таңдаулы кездесу

Каталониялық «Барселона» және мадридтік «Реал» - күллі әлемге әйгілі футбол клубтары. Осы екі команданың тартысты кездесулері футболсүйер қауым арасында «Эль-Класико» деген атқа ие. Бұл ойындар әрқашан тартыс пен қызыққа толы болады. Сондықтан да, оны әлемнің көптеген елдерінде көреді. 

«Барселона» мен «Реал Мадрид» барлық турнирлерде өзара 192 кездесу өткізген. Соның 81-інде мадридтіктер жеңсе, 74 кездесуде каталониялық клуб басым түсіп, 37 ойын тең аяқталған.

Соңғы рет «Эль-Класико» 2 сәуірде каталониялық команданың «Камп Ноу» стадионында өтіп, Зиданның шәкірттері 1:2 есебімен басым түскен болатын.

Енді сіздің назарларыңызға  футбол тарихында ерекше есте қалған 10 таңдаулы «Эль-Класиконы» ұсынамыз.

13 мамыр, 1902. «Барселона» - «Реал Мадрид» – 3:1

elclasico1

«Эль-Класико» матчтарын айтқанда «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы алғашқы кездесуді атап кеткен жөн. Бұл ойын - Альфонсо XIII-ге тәж кигізу рәсіміне орайластырылыған доданың жартылай финалы. Каталониялықтар Удо Штайнбергтің дублі мен Жоан Гампердің голы арақасында жеңіске жетті. Ал, мадридтіктердің «Эль-Класикодағы» алғашқы голын ағылшын Артур Джонсон салды.

13 маусым, 1943. «Реал Мадрид» - «Барселона» - 11:1

элькал2

Генералиссимус кубогы (Қазіргі Испания кубогы) жартылай финалының бірінші кездесуінде «Реал» «Барселонадан» 0:3 есебімен ұтылады. Ал, жартылай финалдың екінші матчында «Реал» 11:1 есебімен каталониялық «Барселонаның»  тас-талқанын шығарды. Бұл кездесудің неге былай аяқталғаны туралы әр команда жанкүйерлерінің әртүрлі ойлары бар.

13 қазан, 1999. «Барселона» - «Реал Мадрид» - 2:2

раульгонзалес

Ойын «Камп Ноу» стадионында өтті. 86-шы минутта әйгілі Рауль есепті теңестіріп, алғаш рет «үнсіздік ишаратын»  істеді. Бұл мадридтік клуб капитанының мансабындағы ең бір есте қалар сәті болды.

19 қараша, 2005. «Реал Мадрид» - «Барселона» - 0:3

роналдиньо

Матч «Реалдың» «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтіп, сол кездегі әлемнің ең мықты футболшысы бразилиялық Роналдиньоға мадридтік клубтың жанкүйерлерінің орнынан тұрып қол шапалақтауымен есте қалды. Бразилиялық суперталант бұл кездесуде екі голдың авторы атанған болатын.

7 мамыр, 2008. «Реал Мадрид» - «Барселона» - 4:1

кфолффкв

Матчқа дейін Бернд Шустер жаттықтыратын «Реал» Ла Лигадағы чемпиондыққа қол жеткізіп қойған еді. Бірақ, «Эль-Класикодағы» жеңіс жанкүйерлер үшін маңызды болатын. Корольдік клуб ойыншылары аянбастан еңбек етіп, Роббен, Игуаин, Рауль мен ван Нистелройдың голдары арқасында жеңіске жетті. Бұл жеңіліс Франк Райкардтың «Барселонадан» кетуіне тікелей әсер етіп, Гвардиоланың бас бапкер болуына септігін тигізді.

2 мамыр, 2009. «Реал Мадрид» - «Барселона» - 2:6

ифксф фвф ыв

Бір жылдан кейін Гвардиола қарамағындағы «Барселона» футболшылары «Реалдың» тас-талқанын шығарды. Лионель Месси мен Тьери Анри кездесуде дубль жасады. Бұл - корольдік клубтың «Сантьяго Бернабеудегі» ең үлкен жеңілісі.

29 қараша, 2010.  «Барселона» - «Реал Мадрид» - 5:0

равпрвпва

Бұл кездесудің негізгі қызығы Роналду мен Мессидің арасындағы бәселестік емес, сол  уақыттағы ең мықты футбол бапкерлері Жозе Моуриньо мен Хосеп Гвардиола арасындағы тартыс болды. Жозе Моуриньо ең бірінші «Эль-Класикосында» бапкерлік мансабындағы ең үлкен жеңіліске ұшырады. Каталониялық клуб өздерін де, қарсыластарын да аямады. Нәтижесінде, Хави, Педро, Хефренн голдары және Вильяның дублі арқасында 5:0 есебімен басты қарсыласын тізе бүктіртті. Матчта голдардан басқа 12 сары және 1 қызыл қағаз көрсетілді.

16 сәуір, 2014.  «Реал Мадрид» - «Барселона» - 2:1

ифду1

Бұл ойын - Испания кубогының финалы. Қызық пен тартысқа толы матчта Анхель Ди Мария мен Марк Бартра салған голдар арқасында есеп тең болып тұрған еді. 85-ші минутта Гарет Бэйл алаңның орталығынан допты алды да, шаршаған Марк Бартраны шапшаңдығының арқасында басып озып, қақпашының екі аяғы арасынан допты өткізіп барып гол салды.

21 қараша, 2015«Реал Мадрид» - «Барселона» - 0:4

аувыацуацу

Бір жыл бұрын Рафаэль Бенитес жаттықтыратын «Реалмен»  болған кездесуде каталониялықтар қонақта 0:4 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұл матч «Реалдың» толық дәрменсіздігімен есте қалды. Бенитес жалғыз қорғанысқа негізделетін жартылай қорғаушы Каземироны алаңға шығармауы оның басты қателігі болды. Азулы BBC триосы толық сапында алаңда болғанымен, кездесуді өз пайдасына шешу үшін нәтижелі әрекеттер жасай алмады.

Ертеңгі «Эль-Класикода» кім жеңеді? Бұл сұрақтың жауабын ертең 21:10-да басталатын «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы матч біткенен кейін білерміз.

Екі футбол алыптарының айқасын өткізіп алмаңыздар!

Аталған матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция басталуы 21:10-даСондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

 

Асқар Нуртасов

Хабарламаларға жазылу