«Шоколад атасы» атанған әйгілі миллиардер 89 жаста болған еді. Оның дәулеті 23 миллиард 400 миллион долларға бағаланған.
Компанияда 22 мың қызметкер бар. Марқұм Микел Ферреро өндіріс барысы мен өнім қоспаларын құпия ұстағаны соншалық, 89 жылдық ғұмырында тек 1 рет қана журналистерге сұхбат берген.
«Шоколад атасының» қазасынан соң компания тізгінін оның баласы Джованни алды.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ