«France Football» басылымы 25 қазан күні 2016 жылдың қорытындылары бойынша «Алтын доп» марапатына үміткерлердің тізімін жария етеді. Тізімге спорт журналистері дауыс беретін 30 футболшы енеді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдан бастап FIFA «Алтын допты» беруден бас тартқандықтан, марапаттың негізін қалаған «France Football» басылымы әлемнің ең мықты футболшысын анықтайтын бұрынғы форматқа оралды. Ескі ережелер бойынша «Алтын доптың» иесін команда капитандары мен бапкерлер емес, тек қана спорт журналистері анықтайды.