Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду жарақат алуына байланысты футбол алаңын тастап шықты.
Бірінші таймның 8 минутында Криштиану Роналду Франция құрамасының ойыншысы Димитри Пайетпен соқтығысып қалды. Француз құрамасының ойыншысы португалдықты тізесінен соғып өткен.
Бастапқыда Роналду жарақаты жеңіл секілді көрінген, ауырсынғанына қарамастан сылти басып ойнап жүрді. Алайда 25 минутта португалдық алаңға жата кетіп, медициналық көмек сұрады. Роналдуды зембілге салып алып кетті, ол жылап жатты. Стадиондағы жанкүйерлер оған түрегеп тұрып қол соғып қолдау білдірді. Оны алаңда Рикарду Куарежма алмастырды.