Елорданы 20 жылдық мерейтойымен еуропалық сарапшылар құттықтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданы 20 жылдық мерейтойымен еуропалық сарапшылар құттықтайды

06.07.2018

Қарт құрлықтың төрінен жүрекжарды лебіздерін жолдаған саясаткерлердің пікірінше, «Астана-рухы биік халықтың айнасы». Айтуларынша, елорданы Алматыдан Астанаға ауыстыру Нұрсұлтан Назарбаевтың ең ұтымды шешімдерінің бірі. Халықаралық деңгейдегі маңызды шаралар ұйымдастырылып, түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға ашық диалог алаңы ретінде танылған алып шаһардың жаһандағы орны ерек.

Люк Девинь, Еуропалық сыртқы істер қызметінің басқарушы директоры:

- Астана қыста да жазда да ғажап. Жұмыс бабымен бірнеше рет сапарладым. Әлі де барғым келеді. Себебі, сәулеті еш қалаға ұқсамайтын дара қала. Тамсанбасқа болмайды. Осындай ғажап Астананың 20 жылдық мерейтойымен барша қазақстандықтарды, елорда тұрғындарын құттықтаймын. Қалаларыңыз өркендей берсін.

Георгий Готев, журналист:

- Астана-жұмақ сияқты, керемет шаһар. Қаланы тұрғызуға әлемнің ең үздік сәулетшілері жұмылдырылғанының өзі үлкен жетістік. Сәулетшілер кең байтақ қазақ елінде өздерінің қиялындағы арман қаланы тұрғызды. Қазір мыңдаған адам ғажап Астананы көрсем деп армандайды. Мен де өз көзіммен көргеніме қуаныштымын. Мерейтой құтты болсын.

 Нұрсұлу ҚАСЫМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу