Астанада Сәбит Досановтың «Мәншүк» драмасы қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Сәбит Досановтың «Мәншүк» драмасы қойылды

05.07.2018

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры сахналаған бұл қойылым Астананың 20 жылдығына арналды. Шығарма Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың қысқа әрі қайсарлыққа толы өмірін бейнелейді. Туынды тарихи деректерге негізделген. Қойылым режиссері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров пен Әлия Баймахан. Оралдық театр елордаға үш күндік гастролі аясында бұдан бөлек «Филоктет-Медея» шығармасын да көрерменге ұсынды.

Ербол Есендосов, Хадиша Бөкеева атындағы БҚО қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі:

- Сахнада екі бірдей Мәншүк бар. Мәншүк Мәметованың жас кезі, балалық кезіндегі бейнесі мен соғыс кезіндегі бейнесі. Екі образ қатар жүреді. Қойылымның режиссерлік шешімі үлкен бағасын алды. Халықтың ықыласына бөленді. Қойылым жоғары деңгейде сәтті өтті. Оны автордың өзі қарап, оң бағасын берді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу