«Тұмар» II ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі (толық нұсқа) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұмар» II ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі (толық нұсқа)

18.03.2018

Қазақ телевизиясының 60 жылдығына  арналған биылғы бәйгеде жүлделер 14 номинация бойынша табысталды. Олардың ішінде Қазақ телевизиясының 60 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған ерекше аталымдар бар.

Үздік ақпараттық бағдарлама - «Информбюро», «31 арна»;

Үздік аймақтық арна - «Жетісу»;

Үздік ойын-сауықтық жоба - «Мен қазақпын», «Qazaqstan» телеарнасы;

Үздік режиссерлік жұмыс - «Было дело», Қуаныш Оразалиев, «КТК»;

Үздік операторлық жұмыс - «Наедине с природой», Максим Левитин, «Kazakh TV»;

Жылдың үздік тележурналисі - Асхат Ниязов, «Евразия бірінші» арнасы;

Жылдың үздік тележүргізушісі - Дана Нұржігіт, «Qazaqstan» телеарнасы;

Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы - «Ұлттық музыкалық жүлде», «Хабар»;

Үздік әлеуметтік жоба - «Қарекет», «Qazaqstan» телеарнасы;

Үздік ағартушылық бағдарлама- «Сокровище нации», «Kazakh TV»;

Үздік телевизиялық сериал - «Асыл арман», «Астана» телеарнасы;

Үздік деректі кино - «Так могло быть», «567 Cinema»;

«Қазақ телевизиясына 60 жыл» салаға сіңірген еңбегі үшін номинациясы - телевизия ардагері Совет Масғұтов;

Елорданың 20 жылдығына орай ерекше бәйге – «Моя Астана» жобасы, «Kazakh TV» арнасы.

Байқауға биылғы жылдың 15-қаңтары мен 1-наурызы аралығында жалпы саны 397 конкурстық жұмыс келіп түскен. Олардың ішінде қазылар алқасы бәйге ережесінің талаптарына сәйкес ресімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады. Бәйгенің қазылар алқасы құрамына журналистика мен телерадиохабар тарату салаларындағы кәсіби, жоғары білікті сарапшылар кірді.

Хабарламаларға жазылу