«Мен әлемдік телевизияның құдіретін білемін. Сондай өнердің тұтқасын ұстап, биік мәдениетпен іс тындырып жүрген өзіңіздей жігіттер көп емес». Әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов «сұңғыла сөздің сұлтаны» атанған Сұлтан Оразалин туралы осылай деп жазыпты. Расымен де, әуелі Қазақ радиосында, кейіннен Қазақ телевизиясында Бас редактор қызметін атқарған Сұлтан Оразалин көрерменнің көңілінен шыққан көптеген хабарлар жасады. Қазақтың арғы-бергі игі жақсыларымен дидарласып, таспаға түсірді. Солардың бірі бүгін «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен берілген қазақтың ұлы жазушысы Ғабит Мүсіреповпен жүргізген сұхбаты. Хабар 1982 жылы түсірілген.