«Даму» қорынан шағын және орта бизнес субъектілеріне 1 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даму» қорынан шағын және орта бизнес субъектілеріне 1 миллиард теңге бөлінеді

10.02.2015
«Даму»  қорынан шағын және орта бизнес субъектілеріне  1 миллиард теңге бөлінеді

Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бұл - шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған шаралардың бірі.

Биыл шағын және орта бизнес өкілдеріне несие беру үшін қала бюджетінен 500 миллион теңге, ал, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 1 миллиард теңге бөлінеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу