52859 әскери бөлімінің құрылғанына - 50 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

52859 әскери бөлімінің құрылғанына - 50 жыл

08.05.2017

ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 52/859 әскери бөлімі 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл - еліміз бойынша азаматтық қорғаныс үшін жасақталған ірі полктардың бірі.

Әскери бөлім өз тарихында Чернобыль апаты кезінде, Жамбыл облысының Луговая елді мекеніндегі зілзала, Алматы облысының Қызылағаш ауылында су тасқыны және еліміздің өзге де өңірлерінде болған басқа да төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныс үздігі ретінде көзге түскен. Биыл да Қарағанды, Ақмола облыстарындағы су тасқынының алдын-алу, құтқару жұмыстарының бел ортасында болды.

Жарты ғасырлық мерейтойға орай әскери бөлімнің техникасы мен құрал-жабдығы жас кадетшілер мен жұртшылық назарына ұсынылды.  Сондай-ақ, салтанатты шара ұйымдастырылып, әскери бөлімнің ардагерлері, қазіргі үздік қызметшілер, сарбаздар  марапатталды. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу