Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад басталды. Шараға 250-ден астам әскери техника мен 70-тен астам әуе кемесі қатыстырылуда. 2000-ға жуық сарбаз сап түзейді.
Шеруді ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Майкеев басқарады.
Шарада отандық әскери-өндірістік зауыттарда құрастырылып, жаңғыртылған техникалар көрсетіледі. Әскери техникалар әуеде «Бәйтерек» монументі мен бәйшешек гүлін бейнелемек.
Биылғы парадтың тағы бір ерекшелігі, оған тек әскери әйелдерден құралған рота қатыспақ.