Соғыс деген – суық сөз

10.05.2014
Соғыс деген – суық сөз
Қазақ сарбаздарының жанқиярлық ерлігін өскелең ұрпақ біліп, өсуі керек. Қызылордадағы Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында осы мақсатты көздеген шара өтті.
 
Ел басына күн туған зұлматты кезеңде ерен ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақалдар жас буынға отты жылдардың естелігін айтып берді. Талай жанды зар жылатқан соғыс оты енді тұтанбасын деп тіледі. Ал, өнерлі өрендер майдан даласында жауынгерлерге руһ берген жалынды жырларды оқып, ән шырқады. Жиналғандар қарақұмық ботқасынан да дәм татты. 
 
Әбдірауық Сатыбалдиев, соғыс ардагері:
Біздің көргенімізді көрмеңдер. Жақсылық болсын. Біз кеше ашаршылықты да, қуғын-сүргінді де бәрін көрген адамбыз. Айналайын, өсе беріңдер, өркендеріңді жая беріңдер.
 
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу