Бес мың майдангердің есімі анықталды

10.05.2014
Бес мың майдангердің есімі анықталды
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан тағы 5 мың павлодарлық жауынгерлердің есімі белгілі болды. Қазақстандық мамандар бұған алыс-жақын шетелдердің бұрын құпия сақталып келген архив құжаттарымен танысуға рұқсат алуының арқасында қол жеткізді.
 
Мәселен, Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігіне қатысты «Мемориал» орталық архивінен өте құнды деректер табылған. Ал, «Саксон мемориалы» қоғамдық ұйымы Германия аумағында қайтыс болған 9 мың қазақстандықтардың есімін анықтады. Бұдан бөлек Беларусь, Финляндия, Татарстан ұлттық мұрағаттарынан бұрын жария етілмеген құжаттар шықты. 100-ші және 101-ші атқыштар дивизиясы және Харьков түбінде түгелдей жойылып кеткен 6-шы атты әскер дивизиясы құрамында негізінен қазақтар болған. Бүгінде олардың есімдері жария етіліп, суреттері Павлодардағы әскери даңқ музейіне қойылды.
 
Динара Опабекова, Әскери Даңқ Музейінің меңгерушісі:
Құжаттардың, деректердің толықтырылып отырған себебі, ел Тәуелсіздігімен байланысты. Өйткені, кезінде құпия түрде болған, әсіресе, тұтқынға түскен біздің сарбаздарымыз туралы ақпараттар өте аз болды. Міне, бүгін сол дерек көздеріне жол ашып, соларды зерттеп, анықтап отырмыз.
 
Болат АМАНБАЕВ
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу