«Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет есімі жазылған қазақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет есімі жазылған қазақ

08.02.2015
«Гиннестің рекордтар кітабына»  жеті рет есімі жазылған қазақ

Марат  Жыланбаев – алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

90-шы жылдары «Гиннестің рекордтар кітабына»  жеті рет есімі жазылған . Негізгі мамандығы – суретші.  Ол 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқан.

Марат Жыланбаев Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шыққан. Сондай-ақ, ол 1992 жылы 20 күнде мың шақырымнан асатын Қарақұм шөлін, 1993 жылы жиырма төрт күнде қара құрлықтағы Сахара шөлін (1700 шақырым) кесіп өткен.

Осы жылы бұл жетістігімен шектеліп қана қоймай,  мың жарым шақырымдық Үлкен Виктория шөлін де бағындырады. Ал , 1994 жылы он бес күннің ішінде  Мохава шөлін (1218 шақырым) кесіп өткен.

Міне, осы жетістіктерінің арқасында қазақ марафоншысының есімі «Гиннестің рекордтар кіта-бына» жеті мәрте енгізілген.

Әйгілі желаяқ бүгін 12.25-те «Сыр-сұхбатта» қонақта.

Хабарламаларға жазылу