Мәскеуде жалға берілетін пәтерлер арзандауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде жалға берілетін пәтерлер арзандауда

06.02.2015
Мәскеуде жалға берілетін пәтерлер арзандауда

Себебі нарықта ұсыныс көп, ал сұраныс жоқ. Мәселен, Мәскеуде, пәтер жалдаушылар саны 2 айда 20 пайызға азайған.

Бағаның төмендеуіне әсер еткен тағы бір фактор – Ресейдегі еңбек мигранттарының азаюы.

Рубль құнсызданғалы бері тапқан табыстары екі есе төмендеген келімсектер, қазір жаппай елдеріне қайтуда. 

Рубльдың құнсыздануы мен экономикалық өсімнің баяулауының салдарынан жылжымайтын мүлік нарығында да дағдарыс басталды.

Қазір Ресейде жалға берілетін пәтерлермен қатар, сатылатын үйлердің де бағасы арзандап кетті. Сондықтан мамандар дәл қазір -  баспаналы болу үшін сәтті кезең, дейді.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу