«Рухани жаңғыру» – Алаш идеясының жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани жаңғыру» – Алаш идеясының жалғасы

26.02.2018

«Рухани жаңғыру» идеясы – «Алаш» қайраткерлері мұратының заңды жалғасы». Астанада бас қосқан ғалымдар осылай деді. Алаш арыстары қазақтың ұлттық салт-санасын, мәдениетін жаңғыртуды көздеді. Ал, қазіргі рухани бастамалар - сол игі дәстүрдің үзілмегендігін, сабақтастығын көрсетеді. ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары қазақтың жазу емлесі мен әдеби тілі, мектебі мен оқулығын, баспасөзін, жалпы, қазақ мәдениетінің іргетасын қалап кетті. Ендігі міндет – сол рухани тінді үзіп алмай, кейінгіге үлгі ету.

Сұлтанхан Аққұлы, «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры:

- «Рухани жаңғырудың» ең басты мақсаты – қазақтың төл мәдениетін, төл руханиятын байыту. Оны әркім өзінен бастасын. Өзінің аты-жөнін жөндесін. Қазақтың аты-жөні ов, -ев дегенмен айтылмайды. Ал, латын әліпбиінің ең басты мақсаты - қазақтың төл руханиятына жат сөздерден құтылу. Паразит сөздерден құтылу. Қазақтың төл тілін қайта жаңғырту.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу