Рухани жаңғыру - Алаш идеясын қайта түлетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру - Алаш идеясын қайта түлетті

14.12.2017

Елбасы ұсынған Рухани жаңғыру бағдарламасы Алаш арыстарының мұрасын қайта жаңғыртуға жол ашты. Алматылық танымал тарихшылар осыны айтты. Ғалымдардың сөзінше, Алаш зиялыларының еңбектеріне тыңғылықты зерттеу жасау - рухани кемелденудің кілті. Сондықтан, кеңестік көзқараспен зерделенген еңбектер, жастардың тәуелсіз ұстанымы арқылы қайта зерттелуі керек. Сонда рухани маңызы бар мұралар халықтың игілігіне жарайды. Яғни, бұл тәуелсіз тарихи сана қалыптастыруға негіз болады. 

Сұлтанхан Аққұлы, алаштанушы:

- Алаш қайраткерлерінің еңбектерін, олардың мұрасын дәріптеу - Елбасымыз бастама етіп көтеріп отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Өйткені, кезінде Алаш қозғалысының негізгі стратегиялық мақсаты - қазақ халқының мәдениетін жаңғырту, жетілдіру, заман талабына лайық қайта гүлдету арқылы Қазақ мемлекетін қайта құру, дамыту болатын.  

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу