Бүгін Астанада осындай атаумен жаңа кітап таныстырылды. Еңбекке танымал қоғам қайраткерлері, түрлі ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдерінің мақалалары, сұхбаттары, пікірлері кірген. Президент мақаласындағы алты маңызды бағыт пен көрсетілген міндеттер сарапталады. «Бұл кітап әсіресе, жан-жақты ақпарат жинайтын студенттер қауымының сұранысына ие болады», - дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мамандары. Жинақ бүгіннен бастап институттың сайтында жарияланады.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ