Астанада жастар айтысты. Әр өңірден келген 10 ақын «Тәуелсіздігім-теңдігім, Егемендігім - елдігім»,-деп жырлады. Айтыскерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын айтып, оның ішіндегі ел мұраты мен ұлт мәдениетін өрнекті сөздерімен әріптеді. Жыр аламанына ақындар, зиялы қауым өкілдері қазылық етті.
Бек Шымат, айтыскер ақын:
- Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бастамасына ұйытқы болған тақырып - Тәуелсіздік. Жастар керемет дайындықпен келгеннен кейін айтыс өнерінің болашағы зор болады деп ойлаймын.
Нысаналы ЫҒЫЛ