Қазақстан мен Қытай велоспорт федерациялары өзара ынтымақтастық орнатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай велоспорт федерациялары өзара ынтымақтастық орнатпақ

02.04.2015
Қазақстан мен Қытай велоспорт федерациялары өзара ынтымақтастық орнатпақ

Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Баталов Бейжіңде Қытай велоспорт федерациясының бас хатшысы Хан Джилинг ханыммен өткен кездесуде өзара әріптестік орнату туралы келісті, деп хабарлайды ҚВФ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар,  екі тарап Азия құрлығында велоспортты дамыту мәселелерін талқыға салып, кәсіби спорт мамандарын даярлау, бірігіп турнирлер өткізу және бұқаралық спортты дамыту бойынша өзара қызметтестік орнатуға келісті.

 

sk-sport.kz

Хабарламаларға жазылу