Талдықорғанда республикалық ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда республикалық ақындар айтысы өтті

27.09.2017

Талдықорғанда Ескелді би Жылгелдіұлының 325 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті. «Ерлігі мұра – Ескелді би» атты өнер додасы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отыр. Жетісулықтардың делебесін қоздырған айтысқа 5 облыс, 3 қаладан 10 ақын қатысып, өзара мықтыны анықтады. Шараның басты мақсаты - елі үшін еңбек еткен тарихи өмірін, ерліктері мен төрелігін насихаттау. Ескелді бидің ел білмейтін тұстарын паш ете отырып, бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне де тоқталу.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу