Қазіргі жастар тек бір саланы меңгермей, кәсіби білікті, жан-жақты, заман талабына сай зияткер маман болуы тиіс. Әрі ұлттық құндылықтарды қастерлейтін парасатты тұлға ретінде қалыптасқаны жөн. Бұл - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылаған алматылық заңгерлер мен экономистердің ортақ ойы. Жиында маңызды құжаттағы басым бағыттарды білім беру саласында кеңінен қолдану әдістері айтылды. Соның ішінде білікті, білгір, алғыр жастарды тәрбиелеу жағына көңіл бөлінді.
Мирас МҰҚАШ