Ұстаздар үштілділікке қатысты ойларын ортаға салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздар үштілділікке қатысты ойларын ортаға салды

31.10.2019

«Үштілділік - тұлға қалыптастырудың негізгі жолы». Алматыда өткен халықаралық жиынға келген мұғалімдердің ортақ пікірі осы. 

Аталған шараға ұлттар істері жөніндегі халықаралық эксперттер, Ұлыбритания, АҚШ, Франция елшілігінің өкілдері мен ғалымдар қатысты. Олар үш тілді білім берудің негізгі мәселелерін ортаға салып, оның шешімін ұсынды. 

Мамандардың сөзінше, 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру үшін мұғалімдер көптілді білім берудің ұстанымдарын меңгерулері керек.

Әлия Арзиева, «Өрлеу» БАҰО Алматы қалалық филиалының кафедра меңгерушісі:

Біз осы жылда өткізіліп отырған конференцияға мектепке дейінгі білім беру мекемелерін қостық.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу