Елбасы мақаласында міндеттелген тапсырма сөзден іске көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы мақаласында міндеттелген тапсырма сөзден іске көшті

30.04.2017

Елбасы мақаласында міндеттелген тапсырма сөзден іске көшті. Нақты дәлелі – Ұлттық комиссияның алғашқы отырысы. Алқалы жиынға Президент әкімшілігінің жетекшісі төрағалық етті. Елбасының мұндай жауапты жұмысты Әділбек Жақсыбековке тапсыруы комиссияның саяси мәртебесі мен деңгейін көтеріп отыр. 

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын халық қызу қолдап отыр. Мемлекет басшысының мақаласы маңызды идеологиялық құжат қана емес, еліміздің мәдени өміріндегі, ой-санасындағы сапалы өзгерістердің жаңғыруының басы болмақ», - деді ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков

Айта кетейік, Ұлттық комиссия - Қазақстанның саяси тәжірибесінде жиі құрыла бермейді, тек ерекше жағдайларда ғана жасақталады. Соңғы жылдары Ұлт жоспары және саяси модернизациялау жөнінде, сосын рухани жаңғыру мәселелері бойынша құрылды. Демек, қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі комиссия – мақаланың мән-мазмұнының терең екенін аңғартады. Сонымен, алғашқы алқалы жиында жоспар жүйеленіп, жұмыс топтары мен оның жетекшілері бекітілді.

Асем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу