«Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков өлең оқыды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков өлең оқыды (ВИДЕО)

12.03.2015
«Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков өлең оқыды (ВИДЕО)

«Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков Елбасыға ұлттық өнерге, оның ішінде айтысқа жасап отырған қамқорлығы үшін алғыс айта отырып, жүрекжарды өлең шумақтарын жолдады.

Сондай-ақ, айтыскер «Ақынға қара сөзден өлең оңай демекші, ойымды екі ауыз өлеңмен түйіндесем деймін» деп келесі жолдарды оқыды:

«Ақтарсам көкіректен шыншыл жырды,

Қазағым татулықпен тіл сындырды.

Дағдарыстың дауылы біз түгілі,

Талай алып елдерді күрсіндірді.

Елбасы көшті бастап келе жатыр,

Күнібұрын бағдарлап тылсым күнді.

Алты алашқа керегі ел бірлігі,

Бейбіт күн көгімізде күлсін нұрлы.

Сондықтан өзіңізге ұсынбақшы

Қалың ел екі тізгін, бір шылбырды.

Біздің жол бабалардан жалғасқан із,

Жатпайды қын түбінде алмас нағыз.

Қашан да жаныңызға тірек болған,

Қолдаңыз жұртыңызды, қорғаштаңыз.

Қаншама асулардан адастырмай

Аман-сау алып өткен марқасқамыз.

Тағдырын жұртым сізге тапсырып тұр,

Тағы да тәуекел деп, жол бастаңыз».

Хабарламаларға жазылу