Дәурен Абаев: Латын әліпбиіне көшу деректер қорына еш кері әсер етпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев: Латын әліпбиіне көшу деректер қорына еш кері әсер етпейді

14.04.2017

Бүгін Сенат депутаттарымен кездескен Ақпарат және коммуникациялар министрі осылай деді. Кездесу кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі талқыға түсті.

 

Мәселен, өткен жылы қазақстандықтар 37 млн. қызметті осы электронды үкімет жүйесі арқылы пайдаланған. Оның 60 процентке жуығы электронды форматта жүзеге асқан. Осы аптадан бастап азаматтарға қолайлы болу үшін елордадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірі таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істеу тәртібіне көшті. Кездесу барысында халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыра түсу жолдары жан-жақты талқыланды.    

 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу