Бақытжан Сағынтаев кәсіпорындарды мемлекеттің қолдауы жөнінде арнайы жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев кәсіпорындарды мемлекеттің қолдауы жөнінде арнайы жиын өткізді

03.02.2015
Бақытжан Сағынтаев  кәсіпорындарды мемлекеттің қолдауы жөнінде арнайы жиын өткізді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына сапарында өңірлердің кәсіпорындарын мемлекеттің қолдауы жөнінде арнайы жиын өткізді.

Басқосулар шеңберінде бірнеше бірлескен меморандумға қол қойылды.

 «Қазіргі дағдарыс кезінде елімізге шетелден инвестиция тарту - маңызды міндеттердің бірі»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Осыған орай, Қызылорда облысы әкімдігі мен Ұлттық компаниялар арасында жалпы құны  39 миллиард теңгені құрайтын 9 меморандумға қол қойылды.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу