Тәуелсіздік күні қарсаңында Еуразия ұлттық университеті студенттеріне осындай тарту жасады. 500 адам еркін орналасатын тоғыз қабатты ғимараттың 167 бөлмесі бар. Әр бөлме оқуға қажетті жиһазбен және техникалық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, барлығына ортақ асхана, спорт залы мен дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Айта өтейік, 17 мың студенті бар университеттің бұл жетінші жатақханасы.