Кинематографист Игорь Вовнянконың «Менің Қазақстаным» атты фотокөрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кинематографист Игорь Вовнянконың «Менің Қазақстаным» атты фотокөрмесі өтуде

10.03.2016
Кинематографист Игорь Вовнянконың «Менің Қазақстаным» атты фотокөрмесі өтуде

ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында қазақстандық кинематографист Игорь Вовнянконың «Менің Қазақстаным» атты фотокөрмесі өтуде.

«Менің Қазақстаным» фотосуреттер сериясының көрмесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Игорь Вовнянко шығаруға дайындаған «Қазақстанның этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениетінің антологиясы» циклының құрамдық бөлігі.

Көптеген жылдар бойы кинематограф ретінде күн сайын еңбек етудің нәтижесінде кинооператор И. Вовнянко Қазақстанның этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениетінің ұлы тарихи мұрасымен толықтай  және жан-жақты танысуына мүмкіндік беретін әртүрлі кинематографиялық жобаларға қатысуда.

«Менің Қазақстаным» көрмесінің мақсаты мен міндеті – бүкіл Әлемнің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы деп аталатын елді  этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениеті тұрғысынан ұғынуына, көруіне, естуіне, жете түсінуіне және оның қандай ел екенін білуіне мүмкіндік беру.

 

Хабарламаларға жазылу