Астанада Тәуелсіздік күніне орай «Алаш алыптары және мәңгілік ел мұраты» атты конференция өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Тәуелсіздік күніне орай «Алаш алыптары және мәңгілік ел мұраты» атты конференция өтуде

11.12.2015
Астанада Тәуелсіздік күніне орай «Алаш алыптары және мәңгілік ел мұраты» атты конференция өтуде
«Алаш алыптары және мәңгілік ел мұраты». Осындай атаумен Астанада Тәуелсіздік күніне орай конференция өтіп жатыр. Жиында тарихшылар Алаш қайраткерлері жайлы тың да қызықты деректермен бөлісті. Олардың азаттық жолындағы күресі туралы да мәліметтер айтылды. Сондай-ақ, отырыста Алаш арыстарына қатысты арнайы деректі фильм көрсетілді. Оқушылар да алаштықтар туралы көрініс қойды.

Гүлжамал Байменова - №77 мектеп-гимназиясының директоры:

Тарихшыларымыз, қазақ тілі және әдебиет мұғалімдерімен, өзіміздің белгілі қазақстандық ғалымдармен кездесу ұйымдастырып, үлкен мәселелерді қарастырып отырмыз. Сондағы мақсат - балаларға қалай жеткізуіміз керек. Осы Алаш ардақтыларына ұқсатып балаларды қалай тәрбиелеуіміз керек. Осы мақсатта өткізіліп отырған іс-шаралар.


Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу