«ЭКСПО» көрмесінде жария болған жетістіктер ішінен 18 үздік жоба Ақтөбе облысында іске асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесінде жария болған жетістіктер ішінен 18 үздік жоба Ақтөбе облысында іске асырылады

01.11.2017

 Бұл мәліметті Елордаға келген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жариялады. Ілкімді іс ілгері басуы үшін аймақ қазынасынан 43 млрд теңге бөлінген. Көбіне жаңашылдықтар ірі өнеркәсіпте қолданысқа енбек. Мәселен, энергия үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру және баламалы энергия көздерін дамытуға ерекше мән берілген. Жалпы, елордада өткен халықаралық көрмеге Ақтөбе облысынан 140 мыңдай адам келіп, тамашалаған.  

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

- Тек қана біздің облыстан 140- мың адам келіп тамашалаған. Оның 20 мыңы кәсіпкер.  Елбасының тапсырмасына орай, жаңа технологияларды өзімізге енгізіп жатырмыз. 18 жоба таңдалып алынды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу