«ЭКСПО» көрмесі кезінде қауіпсіздікті сақтауға атсалысып, үздік қызметімен көзге түскен құтқарушылар марапатталды. Халықаралық шара кезінде еліміздің өңірлерінен де 300-ден астам адам мен 36 техника қаланың қауіпсіздігін қорғауға жұмылдырылған.
Бүгін олардың барлығы өздерінің тұрақты жұмыс орындарына оралды. Көрме кезінде ауқымды төтенше оқиға мүлдем тіркелген жоқ. Техникалық ақаудан болған ұсақ келеңсіздіктер уақытымен жойылып отырған.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ