Көрме қалашығында халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен жиын өтті. Онда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аяқталған соң атқарылатын жобалар жайы талқыланды. Мәселен, «жасыл» қор құру, болашақ энергиясының ғаламдық институтын қалыптастыру мен «ЭКСПО» қалашығына Астана қаржы орталығын орналастыру сынды маңызды міндеттер бар.
Сондай-ақ, еліміздегі бірқатар нысандардың инфрақұрылымын күн энергиясымен қамту және энергияға қолжетімділікті нығайту туралы мамандардың ортақ пікірлері ұсынылды.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ