«ЭКСПО» қалашығында халықаралық мұнай кеңесінің ұлттық күні тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» қалашығында халықаралық мұнай кеңесінің ұлттық күні тойланды

05.09.2017

1930 жылы Лондонда Томос Дюхерстің бастамасымен құрылған кеңес мұнай қорларын адамның қажетіне қарай жаратуға атсалысып келеді. Жыл сайын Дүниежүзілік мұнай конгресінде саланың сан тақырыптары көтеріліп, бастапқы мақсаты түбегейлі өзгеріске ұшырады. Қазір аталмыш кеңес бүкіл әлемге ортақ мәселелерді талқылап, мұнай технологияларын жаңартуды жолға қойған. «Халықаралық кеңестің Түркияда өткен соңғы  конгресінде 28 елдің өкілдері арасында талқылау жүрсе, «ЭКСПО» көрмесі арқылы жүзден аса мемлекетпен пікір алмасуға мүмкіндік алдық», - дейді кеңес мүшелері.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу