Ертең «ЭКСПО» қалашығында Жапонияның ұлттық күні өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «ЭКСПО» қалашығында Жапонияның ұлттық күні өтеді

21.07.2017

Осыған орай көрме қонақтарына күншығыс елінен келген өнерпаздар концерт қояды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында жапон павильонының өкілдері мәлімдеді. «Вагакки» ұлттық аспаптар концертінде Жапонияның танымал өнерпаздары Хиромицу Агацума мен Хидеки Тоги өнер көрсетеді. Концерттен бөлек «ЭКСПО» қалашығында құмнан мүсіндер жасалады, футболистер доппен қойылым көрсетеді, сонымен қатар, мотоциклде түрлі трюктер ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу