«ЭКСПО» қалашығында «ОПЕК» ұйымының күні мерекеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» қалашығында «ОПЕК» ұйымының күні мерекеленді

04.09.2017

Әлемдегі жетекші мұнай өндіруші елдер баламалы энергия көзін тиімді пайдалануға бет бұруда. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктері 2050 жылға дейін бұл бағытқа 163 миллиард теңге бөлмек. Бұл туралы бүгін «ЭКСПО» қалашығында «ОПЕК»-тің күнін мерекелеу барысында айтылды.

Табиғи қорға бай мемлекеттердің бұл қадамы бүгінгі «ЭКСПО» тақырыбының өзектілігін дәлелдейді. Халықаралық көрмеге алғаш рет қатысып отырған ұйым Қазақстанның ұстанған бағытын жоғары бағалап, барлық әлем халқын маңызды бастаманы қолдауға шақырды. 

Хабарламаларға жазылу