Астанада батпырауық ұшыру кеші ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада батпырауық ұшыру кеші ұйымдастырылды

31.08.2017

Астана аспаны батпырауықтарға көмкерілді. «ЭКСПО» көрмесі аясында малайзиялықтар балаларға арнайы мереке ұйымдастырды. Шара еліміздің Конституция күні мен Малайзияның Тәуелсіздік күні мейрамдарына орайластырылды. Көңілді кешке 200-ден астам елорда оқушысы қатысты. Кішкентай қонақтар батпырауықтарды көкке көтеріп қана қоймай, ашық аспан астында демалыс ұйымдастырды.

Мәдени шарада қос елдің өнері, мәдениеті таныстырылды.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу