Алматыда Қалампыр Рахимованы еске алуға арналған ән кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қалампыр Рахимованы еске алуға арналған ән кеші өтті

10.04.2015
Алматыда Қалампыр Рахимованы еске алуға арналған ән кеші өтті

Алматыдағы «Қазақконцерт» залында Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Қалампыр Рахимованы еске алу кеші өтті.

Ән кеші «Қадыр Мырза-Әлі» қайырымдылық қорының демеушілігімен ұйымдастырылды.

Қалампыр Рахимова Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Алмас ауылында туған. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында музыкалық білім алды. Қазақстанның Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтың алғашқы шәкірттерінің бірі.

Оның репертуарынан қазақ және өзге халықтардың музыкалық шығармалары елеулі орын алды. 

 

Құлмахан САЛЫБЕК

 

Хабарламаларға жазылу