Науру - Тынық мұхитының батысындағы арал. Халық саны - 13 мыңдай. Мемлекет 1968 жылы тәуелсіздігін жариялаған. Науру баламалы энергия көздерін дамытуға ерекше мән береді. Мәңгі жазы бар арал жаңартылатын қуатты Күн сәулесінен алады. Бұдан бөлек, жел мен судан энергия алуды дамыту - елдің 2020 жылға дейін арнайы бағдарламасында қарастырылған. Наурудың ұлттық күні мерекесі көрме аумағына бүгін ерекше атмосфера, көңіл-күй сыйлады. Меймандар ел өнерпаздарының әсем биі мен әніне куә болды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ