Сенегал Республикасы дамуының басты бағыттарының бірі – энергетикалық тәуелсіз ел болу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенегал Республикасы дамуының басты бағыттарының бірі – энергетикалық тәуелсіз ел болу

21.08.2017

Бүгін EXPO көрмесінің 73-күні. Оныншы маусымнан бастап  20-шы тамызға дейін, көрмеге 2 млн 779 мың 820 адам келген. Ал, соңғы бір аптада келушілер саны 345 мың 445 адам болыпты. Яғни, көрмені бір күнде орта есеппен 49 мың 349 адам тамашалаған.

Бұл алдыңғы апталармен салыстырғанда, 14 мың адамға көп. Астана ЭКСПО-2017 көрмесіндегі шаралар сан алуандығымен ерекше. Болашақ технологиялармен қоса, түрлі мемлекеттің мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен де осы көрме арқылы танысуға мүмкіндік бар.  

ЭКСПО көрмесі аясында Батыс Африкада орналасқан Сенегал Республикасы ұлттық күнін атап өтті. Шараға Сенегал секциясының комиссары, Қазақстан спорт және туризм комитетінің төрағасы мен өзге де делегациялар қатысты.

Кеште осы мемлекеттен келген  «Сафари» тобы кора, джамбе және балафон атты ұлттық аспаптармен өнер көрсетті.  Сенегал Республикасы дамуының басты бағыттарының бірі – энергетикалық тәуелсіз ел болу. Сондықтан, 2035 жылға дейін дамушы елдер қатарына кіруді жоспарлауда.  Ал, елдің ЭКСПО-дағы экспозициясы Африка Плазасында ұсынылған. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу